Компания өкілдері бензин орнына ауа құйған бекет туралы видеоға түсініктеме берді

© Видеодан алынған кадр

?азнетте 70 литрлі к?лік багына ?алайшы 87 литр бензин сыйып кеткеніне та?дан?ан белгілі жанармай бекеттері желісіні? т?тынушысыны? видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео авторы 25 ж?не 62 литр деп т?р?ан екі колонканы? к?рсеткіштерін тіркеп, жанармай бекетіні? ?ызметшісіне ша?ымданады. 

Қазнетте 70 литрлі көлік багына қалайшы 87 литр бензин сыйып кеткеніне таңданған белгілі жанармай бекеттері желісінің тұтынушысының видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видео авторы 25 және 62 литр деп тұрған екі колонканың көрсеткіштерін тіркеп, жанармай бекетінің қызметшісіне шағымданады. 

"Газпром нефть - Қазақстан" ЖШС-ның баспасөз қызметі алдына ала тергеу қорытындысы бойынша алаяқтық дерегі болмағанын мәлімдеді. Оқиға 1 қыркүйекте болған. 

"Жанармай құю колонкосында техникалық ақау болды. Жанармай құйылған жоқ. Осыдан кейін тұтынушы басқа колонкодан жанармай құйды. Ол 62 литрге ғана ақша төледі", - деп түсіндірді олар. 

Реклама
Реклама

Компания өкілдерінің мәліметінше, техникалық ақаулар жөнделді. 

"Клиентке сыпайылық танытпаған оператор қазіргі кезде жұмыстан шеттетілді. Біз үшін клиент маңызды. Дауыс көтеріп, дөрекілік танытуға болмайды", - дейді компания өкілдері. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама