27 мамыр 2024 | 15:53

Қонаев тұрғыны полицейлерге қарсылық көрсеткені үшін қамауға алынды

видео кадры

Полицейлер Қонаевтағы ойынханаларының бірінде қорғану шеберлігін көрсетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Қонаевтағы ойынханаларының бірінде қорғану шеберлігін көрсетті. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 мамырда патрульдік полицейлер Қонаевта орналасқан ойын-сауық мекемелерінің бірінде мас күйде жүрген ер адам туралы хабарлама бойынша оқиға орнына барған.

"Келген кезде, азамат шу шығарып, полиция қызметкерлерін балағаттаған. Жағдайды бағалай отырып, полицейлер мас бұзақыны ұстады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ер адам полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны және бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулікке қамауға алынды.

"Тәртіп сақшылары тарапынан көрсетілген кәсібилік пен ұстамдылық ауыр зардаптардың алдын алды. Біз әрқашан жанжалды жағдайларды барлық қатысушылар үшін ең аз тәуекелдермен шешуге тырысамыз", – дейді Қонаев қалалық полиция басқармасының бастығы Ұлан Садықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная