17 тамыз 2024 | 16:22

Қонаевта 20-23 тамыз аралығында газ беру тоқтатылады

Фото: elements.envato.com

Қонаевта 20-23 тамыз аралығында газ беру тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қонаевта 20-23 тамыз аралығында газ беру тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұны "Қапшағай аумағының газ желілері" ЖШС мәлімдеді.

Мекеменің ақпаратына сәйкес, бұл жұмыстар Абай көшесінің жолын жөндеумен қатар, үлкен қысымды газ желісін жаңғыртумен байланысты болып отыр. Газ құбырының жаңа желісін қолданыстағы желіге ажыратусыз қосуға мүмкіндік жоқ.

Реклама
Реклама

Үш күн бойы №1,2,3,4,5, Восточный, Гүлдер, Спутник, Арна, Рауан, № 18,19,20 ш/а-да және Железнодорожная көшесінде көгілдір отын беру тоқтатылады немесе кей аудандарда газ қысымы төмендеуі мүмкін.

"Көгілдір отынды көп уақыт жоғалтпай қосуға тырысамыз. Уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - деп жазды мекеме өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram