19 қазан 2022 11:27

Қонаевта "академиялық қалашық" құрылуы мүмкін: Тоқаев тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Мемлекет басшысы Алматы облысына сапары барысында Қонаевта академиялық қалашық құру мәселесін қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Алматы облысына сапары барысында Қонаевта академиялық қалашық құру мәселесін қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президенттің айтуынша, Қонаев ғылым-білім орталығына және студент жастардың қаласына айналуы керек. Қазір жоғары оқу орындарының көбі Алматыда орналасқан.

"Бұл халық онсыз да тығыз қоныстанған қаланың ахуалына өз әсерін тигізеді. Онда көлік кептелісі көп. Жатақхана және қолжетімді баспана тапшылығы бар. Шаһардың ауасы да ластанып барады.

Осының бәрін ескере отырып, Қонаевта "академиялық қалашық" құру мәселесін қарастырған жөн деп санаймын. Ірі қалалардың жанынан инновациялық орталық құрған елдер аз емес. Үкімет бұл мәселе бойынша жаңа жылға дейін нақты ұсыныс беруі керек", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram