19 наурыз 2024 16:28

Қонаевта жаңа аялдамаларды қиратып кеткендер іздестіріліп жатыр

видео кадры

Қонаев тұрғындары жаңа аялдамаларды қиратып кеткендерге шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы qonaev_qapshagay Instagram-паблигі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қонаев тұрғындары жаңа аялдамаларды қиратып кеткендерге шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы qonaev_qapshagay Instagram-паблигі хабарлады.

"Қонаев қаласындағы жаңа аялдамаларды қиратып кетіпті! Бұл кімге керек?! Бұл жай ғана вандализм емес, бұл қоғамдық тәртіпті бұзу және жайлы қалалық ортаға құқығымызды бұзу! Жауаптыларды жазалауды талап етеміз" – делінген видео сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Қазір полиция бұзақыларды іздестіріп жатыр.

"Бұл дерек Қонаевтағы ПБ-ға тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Осы жұмыстардан кейін оқиғаға құқықтық баға беріледі", - деді Алматы облысы Полиция департаменті өкілдері.

ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") бойынша әкімшілік іс қозғалғаны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram