Қонаевта ТЖ режимі жарияланды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: facebook.com/konaev.gov

Қонаев қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қонаев қаласында төтенше жағдай режимі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік мәліметі бойынша, 12 желтоқсан түні Қонаевта дауылдан (желдің максимал жылдамдығы 25 метр секундқа дейін жетті) бірнеше тұрғын үй мен ғимаратың шатырлары зақымданып, көше жарығы бағаналары істен шыққан.

"Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес (құқық қорғау туралы заңдар, жергілікті мемлекеттік басқару туралы заң) Қонаев қаласының әкімі жергілікті деңгейде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. 17 желтоқсаннан бастап жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай ресми түрде жарияланды", – делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Зақымданған объектілерді жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстарын төтенше резерв қаражаты есебінен жүргізу жоспарланып жатыр.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қазір Қонаев қаласындағы жағдай тұрақты: электрмен қамтамасыз ету, су және жылумен жабдықтау қалыпты жұмыс істеп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама