Қонаевта төтенше жағдай режимі енгізілмек

Дина Шарипханова Корреспондент
Қонаевта төтенше жағдай режимі енгізілмек Фото: facebook.com/konaev.gov

Қонаевта төтенше жағдай режимін енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қонаевта төтенше жағдай режимін енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қала әкімінің тиісті шешім жобасы 2025 жылғы 16 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.

Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай режимін енгізу күшті желдің салдарынан Қонаевта көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларының бұзылуына байланысты жоспарланып отыр.

Жарнама
Жарнама

ТЖ режимі енгізілген кезеңде қаладағы зақымданған үйлердің шатырларын қалпына келтіру көзделген. Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай режимін енгізу әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де теріс салдарға алып келмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама