29 қараша 2022 | 09:12

Қонаевтан қатынайтын пойыз бағыты Алматы-2 станциясына дейін ұзартылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қонаевтан күнделікті қатынайтын пойыз бағыты Алматы-2 вокзалына дейін ұзартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қонаевтан күнделікті қатынайтын пойыз бағыты Алматы-2 вокзалына дейін ұзартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, биыл 11 желтоқсаннан бастап Алматы-2 стансасына дейін жолды ұзарту жоспарланған. Пойыз тәулігіне орта есеппен 25-40 адам тасымалдайды.

"Алматы-1 - Қапшағай - Алматы-1 пойыз бағыты іске қосылғаннан бері күнделікті тасымалдар:

Алматы-1 - Қапшағай - 25 жолаушы;
Қапшағай - Алматы-1 - 38 жолаушы".

Реклама
Реклама

Маршрутты іске қосу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбеген. 2022 жылдың соңына дейін бағытты ұстау "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының жеке қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

"Жергілікті атқарушы органдармен 2023 жылға арналған бағытты субсидиялау туралы шешім қабылданса, "Жолаушылар тасымалы" АҚ тасымалдауды ары қарай жүзеге асыру үшін тендерге қатысады", - делінген компания таратқан хабарламада.

Еске салайық, 11 қарашадан бастап "Жолаушылар тасымалы" АҚ Қонаев-Алматы бағытындағы күнделікті қала маңындағы пойызды іске қосты.

Пойыз күн сайын таңғы 6-да жүреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная