11 қараша 2023 | 11:20

"Көңілі қалып, өз еркімен берілді". ҰҚК қазақстандықты Түркиядан еле жеткізді

Фото ©️ Tengrinews.kz

Кеше ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған қазақстандықты Түркиядан Қазақстанға жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кеше ҰҚК қызметкерлері 2013 жылдан бастап Сирияда террористік топтар құрамында болған қазақстандықты Түркиядан Қазақстанға жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның радикалдық идеялардан көңілі қалғаны, өз еркімен террористік әрекеттен бас тартып, Түркияға өткені және отанына оралу үшін билік өкілдеріне берілуді шешкені белгілі болды.

Өзінің әрекетімен ол басқа содырларға олардың одан әрі террористік белсенділік аймақтарында болудың келешегі жоқ екенін көрсетпек болған.

Реклама
Реклама

Қазақстанға келгеннен кейін ол қамауға алынды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы (террористік топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу) бойынша қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр.

Ерікті түрде берілу дерегі тергеу барысында ескерілетін болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная