Конституциялық кеңес Елбасы өтінішін қабылдады

Камила Долаева Журналист
©Турар Казангапов

Конституциялық кеңес Қазақстан Республикасы Президент өтінішін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Конституциялық кеңес Қазақстан Республикасы Президент өтінішін қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ведомствоның ресми сайтында, 2019 жылы 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ҚР Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдағаны туралы хабарлама жарияланды.

"Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде", - делінген ресми сайтта.   

Реклама
Реклама

ҚР Конституциясы 42-бап 3-тармағына сәйкес: "Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады".

Tengrinews
Автор сұрағы
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама