Конституциялық кеңес Конституциядағы өзгертулерді мақұлдады

© Тұрар Қазанғапов

2017 жылы 9 наурызда "?аза?стан Республикасыны? Конституциясына ?згерістер мен т?зетулер енгізу туралы" ?аза?стан Республикасы За?ыны? ?аза?стан Республикасы Конституциясына с?йкестігін аны?тау ма?сатында Конституциялы? Ке?есті? нормативтік ?аулысы жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  ?Р Конституциялы? Ке?есіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

2017 жылы 9 наурызда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен түзетулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестігін анықтау мақсатында Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулысы жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  ҚР Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 6 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті аталған Заңды Қазақстан Республикасының Конституциясына, оның ішінде Конституцияда белгіленген құндылықтарға Республика қызметінің түбегейлі принциптеріне, басқару нысанына сәйкестігіне қарау туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады.

Конституциялық Кеңес өз шешімінде 2017 жылы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдап, 2017 жылы 6 наурызда Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға ұсынылған "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Ресубликасының Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясына, оның ішінде Республиканың конституциялық құндылықтарына, қызметінің түбегейлі принциптеріне және басқару нысанына сәйкес келеді деп қаулы етті.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, 6 наурызда Парламент Қазақстан Конституциясына түзетулерді қабылдаған болатын. Біріккен комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, Президент ұсынған заң жобасында Конституцияның 19 бабына 26 түзету қарастырылған. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news6
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама