Конституция күні Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Конституция күні Қазақстанда ауа райы қандай болады? Фото:elements.envato.com

Қазгидромет 30 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет 30 тамыз бен 1 қыркүйек арасында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстанда ауа райы жауын-шашынсыз, күн жылы болады деп отыр.

"Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында, 31 тамыз бен 1 қыркүйекте солтүстікте, Батыс Қазақстанның батысында, 1 қыркүйекте Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Температуралық фонға келер болсақ, ауа температурасының одан әрі жоғарылауы күтіледі, күндіз еліміздің басым бөлігінде термометрлер 25-35 градусқа дейін, батыста және оңтүстікте 30-38 градусқа жетеді", - дейді Қазгидромет қызметкерлері.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама