Конституцияға түбегейлі сипаттағы өзгерістер енгізуге бастама көтердім - Тоқаев

Конституцияға түбегейлі сипаттағы өзгерістер енгізуге бастама көтердім - Тоқаев Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциядағы өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Конституцияға түбегейлі сипаттағы және елдің саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін өзгерістер енгізуге бастама көтердім. Біз жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа форматына көшіп жатырмыз. Бұл сапалы ауысуды Екінші республика деп атауға болады. 

Жұмыс тобы негізгі заңның 33 бабына түзетулер дайындады, ал бұл бүкіл Конституцияның үштен бірі. Бұл өзгерістерді енгізу туралы заң жобасы Конституциялық кеңеске берілді, ол жақын арада өз үкімін шығарады", - деді Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама