23 наурыз 2019 | 15:05

Конституциялық Кеңес Астана атауын өзгертуге байланысты қорытынды шешім шығарды

Камила Долаева Журналист
Тұрар Қазанғапов

Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" заңының жобасын ҚР Конституциясына сәйкес деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі кеңес сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Конституциялық Кеңес "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" заңының жобасын ҚР Конституциясына сәйкес деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі кеңес сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесіне 2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" Заң жобасының ҚР Конституциясына сәйкес нысанына қорытынды беру туралы өтініші келіп түсті", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен Конституцияның 2-бабының 3 тармағы жаңа редакцияда берілген:

"3. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның астанасының мәртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласы".

Конституцияның 2-бабының 3-1 тармақтағы "Астана" деген сөз "Нұр-Сұлтан" деген сөзбен ауыстырылған.

Негізгі Заңның нормаларын өтініш нысанасына қатысты талдап, Конституциялық Кеңес мынаны негізге алады.

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағына сәйкес "Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады".

2. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 2017 жылғы 9 наурыздағы № 1 нормативтік қаулысында "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен (2017 жылғы 10 наурызда қол қойған) айрықша қорғалатын конституциялық құндылықтар тізбесі кеңейтілгенін атап өтті: "Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі өзгермейді" (Конституцияның 91-бабының 2-тармағы). Сол арқылы, өзінің конституциялық мәртебесі мен жеке қасиеттері арқасында егемен Қазақстанның, оның ішінде Негізгі Заңның конституциялық құндылықтары және Республика қызметінің түбегейлі принциптері қалыптасуы мен дамуына шешуші үлес қосқан; Қазақстанның бірлігі, Конституциясы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қорғалуын қамтамасыз еткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің Негізін салушы ретіндегі тарихи миссиясы конституциялық жолмен расталады"

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер Қазақстан Республикасы елордасы «Астана» астанасы "Нұр-Сұлтан" деп аталуына орай, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қазақстан халқы алдындағы тарихи рөлін мойындауға және сіңірген ерен еңбегін мәңгі есте сақтауға байланысты мемлекеттің тәуелсіздігі, республиканың аумақтық тұтастығы, оның басқару нысандары мәселелерін, сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кепілге алған Республика қызметінің түбегейлі принциптерін қозғамайды және Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабы 3-тармағының талаптарына қайшы келмейді.

Баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабының 2-тармағын, 91-бабының 3-тармағын, "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 31-33, 37-баптарын және 41-бабы 1-тармағының  2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі шешті:

1. "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының  3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қорытындысы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.

3. Осы қорытынды республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс тілдерінде жариялансын.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұр-Сұлтан етіп қайта атау туралы қаулыға қол қойды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная