ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ақпан 2019 | 16:38
Конституциялық кеңес Назарбаевтың сауалына жауап берді
Конституциялық кеңес Назарбаевтың сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Конституциялық кеңес Назарбаевтың сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.
Еске салайық, Мемлекет басшысының өтінішінде Конституцияның 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық болып табылады ма, деген сұрақ қойылған болатын.
Конституциялық Кеңес аталған нормада Президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздері толық емес екенін түсіндірді.
"Кеңестің пікірінше, Негізгі Заңнан Мемлекет басшысының отставкаға шығу құқығы туындайды. Аталған құқық президенттік басқару нысаны мен Республика Президентінің конституциялық мәртебесінің элементі болып табылады. Ол адам әрі Қазақстан азаматы ретінде Президентке тиесілі және әр тұлғаның конституциялық құқықтарын, соның ішінде еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығын бекітетін Конституцияның басқа да ережелерінен туындайды (13-баптың 1-тармағы, 24-баптың 1-тармағы және т.б.). Конституциялық Кеңес Конституция 42-бабының 3-тармағындағы "сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған...жағдайда..." деген сөз тіркесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың негізі ретінде Мемлекет басшысының отставкаға шығуын да қамтиды деп есептейді", - деп мәлімделген кеңестің сайтында.
Нормативтік қаулының толық мәтіні баспасөзде жарияланады.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конституциялық кеңеске берген өтінішіне қатысты мәлімдеме жасаған еді.
"Конституциялық кеңеске берген өтінішіме байланысты қысқа ғана жауап қайтарғым келеді. 1995 жылдан бері, яғни Конституция қабылданғалы бері Конституциялық кеңеске 200 өтініш келіп түскен. Олардың 22-сі - менің президенттік өтінішім. Бұл қалыпты процесс. Конституциялық кеңес те сол үшін құрылған. Кеңестегілердің Конституциядағы, заңдардағы кемшіліктерді талқылауға құқығы бар. (...)", - деген еді Назарбаев.
Сондай-ақ, Президент Қазақстанда сайлаудың мерзімінен бұрын өтпейтінін айтты.
Әрине, бұл барлығы үшін қызық... Ең қызық деген сұрақтар - сайлау, транзит. Конституцияны оқыңыздар, Президент жайлы заңдарды оқыңыздар. Онда барлығы нақты көрсетілген. Мерзім келгенде сайлау өтеді. Иә, Конституция бойынша Президенттің мерзімінен бұрын сайлау өткізуге құқығы бар. Бірақ бізде олай болмайды. Тынышталып, дұрыс жұмыс істейік", - деді Мемлекет басшысы.
Показать комментарии
Читайте также