12 мамыр 2023 14:44

Конституциялық сот кеңестің бұрынғы мүшелерімен кездесу өткізді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Конституциялық Сот құқықтық мирасқоры болып табылатын Конституциялық кеңестің бұрынғы мүшелерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Конституциялық Сот құқықтық мирасқоры болып табылатын Конституциялық кеңестің бұрынғы мүшелерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу барысында Конституциялық Соттың судьялары жаңартылған конституциялық бақылау органының өкілеттілігімен және жұмысының нәтижелерімен таныстырды.

Реклама
Реклама

Конституцияда азаматтар мен олардың өкілдеріне, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және Бас прокурорға Конституциялық Сотқа жүгіну құқығының берілуі – 2022 жылғы конституциялық реформаның гуманистік және құқық қорғаушы бағытының бір дәлелі. Бес айдың ішінде Конституциялық Сотқа 2,7 мыңнан астам азамат жүгінді.

"Енді әрбір азамат өз өкілдері арқылы осы органда өзінің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тікелей қорғай алады. Азаматтардың мұндай тікелей қол жетімділіктің берілуі Конституциялық Соттың жұмысын одан әрі жауапты етеді", - деп атап өтті КС Төрағасы Эльвира Әзімова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram