Конституциялық сот мемлекеттік қызмет туралы заңды тексереді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Конституциялық сот "Мемлекеттік қызмет туралы" заң нормаларының конституцияға сәйкестігін тексеру туралы істі қарауды бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституциялық сот "Мемлекеттік қызмет туралы" заң нормаларының конституцияға сәйкестігін тексеру туралы істі қарауды бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Конституциялық соттың баспасөз қызметі мәліметінше, азамат Б.К. Арғымбаевтың "Мемлекеттік қызмет туралы" заңның 16-бабы 3-тармағы, 6) тармақшасының мемлекеттік қызметке кіру құқығынан өмір бойы айырудың және жұмыстан шығаруға негіз болған әрекеттердің негіздері мен пропорционалдылығы бөлігінде Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішін қарау бойынша отырыс өтті.

"Конституциялық сот өтініш берушінің, Сенат өкілінің, сарапшының және мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдарын тыңдады. Шағымды қарау нәтижелері бойынша Конституциялық соттың нормативтік қаулысы жарияланады", - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама