29 желтоқсан 2022 | 15:10

Конституциялық соттың шешімін ешкім қарай алмайды - Әшімбаев

Конституциялық Соттың шешімдері барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті болады, оларды ешкім қарай алмайды. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Конституциялық Соттың шешімдері барлық мемлекеттік органдар үшін міндетті болады, оларды ешкім қарай алмайды. Бұл туралы Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Конституциялық Сот мемлекеттегі ең негізгі органдардың бірі. Егер адамдардың, журналистердің құқығы бұзылып жатса, осы сот тиісті шағымдарды қарайды. Конституциялық Соттың шешімін мемлекеттік органдар орындауға міндетті. Конституциялық Соттан жоғары ешқандай орган болмайды", - деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар, Әшімбаев Эльвира Әзімованың Конституциялық сот төрағасы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді.

Реклама
Реклама

"Бүгін Конституциялық Соттың төрағасы қызметіне Эльвира Әбілхасымқызының тағайындалуына Сенат өзінің келісімін берді. Ол білікті маман ретінде танылды. Әділет министрлігінде және басқа да құрылымдарда ұзақ жылдар жұмыс істеген. Ешқашан дау-дамайға ілікке емес. Жаңа адамдардың жауапты лауазымдарға тағайындалуы аталған органның тиімді жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді деп сенеміз", - деді М. Әшімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная