ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қаңтар 2024 | 16:32
"Конвертке ұқсас зат берген": Ақтөбе облысында резонанс тудырған видео тексеріледі
Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам конвертке ұқсас нәрсені екінші бір адамға беріп жатқаны көрінетін видео тарап кетті. Сондай-ақ, видеодағы адамдар "Ақтөбе" ӘКК басшысының орынбасары және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарының көмекшісі екені айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам конвертке ұқсас нәрсені екінші бір адамға беріп жатқаны көрінетін видео тарап кетті. Сондай-ақ, видеодағы адамдар "Ақтөбе" ӘКК басшысының орынбасары және Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарының көмекшісі екені айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Желіде тараған видеодағы мәліметке сүйенсек, 29 желтоқсанда "Ақтөбе ӘКК" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әжниязов негізгі сыйақыдан бөлек, кейбір қызметкерлерге 2-3 жалақы көлемінде, шамамен 12 миллион теңге мөлшерінде қосымша сыйақы (10-15 адам) берген.
"Бұл ақшаны Әжниязов пен оның серіктері Әлібек Серікбаев пен Абылайхан Аязбаев жинап, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің көмекшісіне тапсырды. "Ақтөбе ӘКК" қызметкерлері сыйақыны жақын маңдағы банкоматтардан түсіріп алып, оны Руслан Әжниязовқа қайта беруге мәжбүр болған.
Ақтөбе облысы бойынша Антикор қызметкерлеріне кеңес: 2023 жылғы желтоқсанның соңындағы "Ақтөбе ӘКК" қызметкерлеріне түскен ақшаны қарау, ақша түскен қызметкерлерге басқа қызметкерлерден ерекшелеп, қандай мақсатта және не үшін ақша берілгенін сұрау. Бұл ақша қашан түсіріп алынды? Бұл ақша кімге берілді?", - деп жазылған видео сипаттамасында.
"Ақтөбе" ӘКК төрағасының орынбасары Нарек Гегамян бұл мәселе бойынша қызметтік тергеу тағайындалғанын, барлық дерек зерттелетінін мәлімдеді.
"Жылдың аяғы болды, мерекелер, сыйақылар берілді, басқа ақпарат қосымша хабарланады", - деді ол.
Қызметкерлердің жалақы мөлшерін Нарек Гегамян атамады, бірақ Руслан Әжниязов жұмыста, әкімдікте жиналыста екенін айтты. Ол тұрақтандыру қоры мен ТКШ жаңғырту мәселелеріне жетекшілік етеді.
Сонымен қатар, бұл жағдайға Ақтөбе облысы әкімдігі өкілдері пікір білдірді.
"Желіде облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың аты-жөні аталған видео тарады, бірақ оның бұған қатысы бар ма, жоқ па, білмейміз. Қазір ӘКК-де ішкі тергеу жүргізіліп жатыр. Елеуов жұмыста, мұндай ақпарат қайдан шыққанын білмейді. Видеодағы - "Ақтөбе" ӘКК төрағасының орынбасары Руслан Әжниязов, екінші адам - бұрын әкімдікте жұмыс істеген, қазір жұмыс істемейді", - деді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также