09 тамыз 2021 | 11:37

"Қоңыр-қызыл" аймақтағы бизнес нысандарының жұмыс уақыты ұзарды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 9 тамыздан бастап "қоңыр-қызыл" аймақтағы бизнес нысандардың жұмыс уақыты қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 9 тамыздан бастап "қоңыр-қызыл" аймақтағы бизнес нысандардың жұмыс уақыты қалай өзгеретінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, Қазақстан бас мемлекеттік санитария дәрігерінің соңғы №33 "Кәсіпкерлік нысандарға Ashyq жобасын қосы туралы" соңғы қаулысына сәйкес, Ashyq "көшбасшысы" мәртебесі бар нысандарға 9 тамыздан бастап "қоңыр-қызыл" аймақта сағат 00.00-ге дейін, басқа нысандарда (Ashyq қатысушылары үшін) - сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Бұған дейін № 33 қаулыдағы 4-қосымша бойынша, өңірлердегі Ashyq-қа қосылған нысандар "қоңыр-қызыл" аймақта жұмыс күндері тек 20.00-ге дейін жұмыс істеді. Мұндай өңірлерге бес қала: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды кірген болатын. Бұл өңірдің санитария дәрігерлері жобаға қатысушыларға қатысты карантин шараларды күшейте алмайды.

Реклама
Реклама

Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті № 33 қаулының 8-тармағы 3-тармақшасын басшылыққа алатындығын растады, ол бойынша 9 тамыздан бастап барлық нысанның Ashyq-тағы жұмысы, сауда орталықтарын қоса алғанда ұзарады.

Ведомство мәліметінше, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені бағалау матрицасының өлшемі "қоңыр-қызыл" аймақта бір апталық кезең ішінде қауіп-қатердің шекті деңгейі (инфекциялық төсектердің толу көрсеткіші 70 пайыздан жоғары немесе 100 мың тұрғынға шаққанда 200 төсектің толуы) саналады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда СОО жұмыс уақыты 6 тамыздан бастап 22.00-ге дейін ұзарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram