24 ақпан 2019 13:17

Көпқабатты үйдің жертөлесі мен шатыры кімге тиесілі?

© Тұрар Қазанғапов

Тұрғындар көпқабатты үйдің шатыры мен жертөлесін пайдалануға құқылы ма деген сұраққа Krisha.kz порталы жауап іздеп көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрғындар көпқабатты үйдің шатыры мен жертөлесін пайдалануға құқылы ма деген сұраққа Krisha.kz порталы жауап іздеп көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Егер үйдің жертөлесінде бөтен біреулер пайда болып, жұмыс істеп немесе тұрып жатса, онда пәтер иелерінің кооперативінен немесе басқарушы компаниядан жалпы үлескерлік жайында сұрастыру қажет. 

Реклама
Реклама

Тұрғындар қандай жалпы үй мүлкін иеленетінін білуге және ақпаратты талап етуге құқылы деп санайыды Алматы ПИК ассоциациясының төрағасы Аркадий Рубцов. 

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңға сәйкес көп пәтерлі үйдегі пәтерлер мен үй-жайлардың иелері ай сайын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға қатысуға міндетті. Бұл ретте шығыстардың шамасы ортақ мүліктегі үлесіне мөлшерлес белгіленеді. Жалпыүлескерлік мүлкіне мыналар жатады: жертөле, кіре берістер, үйдің алды, шатыр, лифт, баспалдақ, үй маңындағы аумақ.

Кондоминиум объектісін тіркеудің болмауы жертөлелерге құқықтарды талап етуден бас тартуға себеп болып табылмайды.

"Кондоминиум - бұл шарт. Барлығы кооператив мүшелерінің жалпы жиналыстарында шешіледі. Егер жертөле жалпыүлескерлік болып табылған жағдайда, оның тағдырын тек тұрғындар шеше алады. Мұндай құқықты тұрғын үй қатынастары туралы Заңның "Үй - жайлар (пәтерлер) иелерінің жиналысы" 42-1-бабында көрсетілген, онда ортақ мүлікті басқаруға, ұстауға және күрделі жөндеуге арналған жарналардың мөлшерін бекіту үшін пәтер және үй-жайлар иелерінің жиналысын міндетті түрде мақұлдау талап етіледі", - деді заңгер.

Пайдалану құқығы автоматты түрде тұрғындарға билік ету құқығын береді. Егер олар қажет деп санаса, онда жертөлені жалға бере алады немесе тиісті шарт жасай отырып, оны сата алады. Жалға беруден немесе сатудан түскен барлық табыс үйдің қажеттіліктеріне жұмсалуы керек.

Егер үйдің шатыры, жертөлесі немесе кез келген басқа мүлкі тұрғындардың келісімінсіз толық немесе ішінара жалға берілсе, олар өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіне алатыны айтылады. 

Жертөледі немесе кез келген басқа да жалпы үй мүлкін жалға беру меншік иелерінің үштен екісінің келісімін талап етеді. Сату - кондоминиумды тіркеу және меншік иелерінің 100 пайызының келісімі.

Басылым бастапқы нарықта басқарушы компания, құрылыс салушы немесе тіпті коммуналдық кәсіпорын ТК құрылысы кезеңінде жалға беретін немесе жертөлелерді, шатырларды немесе аулалық аумақтарды сататын жағдайлар көптеп кездеседі. Бұл ретте табыс үйдің қажеттілігіне жұмсалмай жатады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram