01 қыркүйек 2023 | 11:39

Көптен бері елеулі жаңалықтар болған жоқ - Тоқаев Қазақстан ресурстары туралы

Фото: senivpetro\Freepik

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда көптен бері елеулі геологиялық жаңалықтар болмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда көптен бері елеулі геологиялық жаңалықтар болмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында геологиялық барлау ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті.

"2018 жылы минералды-шикізаттық базаны толықтыру мақсатында тау-кен саласын басқаруға арналған жаңа заңнама қабылданды. Бірақ ол толыққанды жұмыс істемеді. Нәтижесінде ресурстарға бай елімізде ұзақ уақыт бойы айтарлықтай геологиялық ашылулар болған жоқ. Жағдайды шұғыл өзгерту керек. Тау-кен секторын басқару жүйесін тезірек жаңғырту қажет", - деді ол.

Реклама
Реклама

Президент көптеген елдерде жеке компаниялар саланың негізгі қозғалтқышы болып табылатынын қосты.

"Сондықтан ірі жеке инвестицияларды тарту саланың әлеуетін ашуға шешуші ықпал етеді. Бұл икемді реттеуші және фискалдық шарттарды қажет етеді", - деп түйіндеді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная