Қордай ауданындағы жағдай бойынша Тоқаевтың мәлімдемесі. Видео

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қоғамдық тәртіпті бұзғандар анықталып, қатаң жауапқа тартылатынын айтты. Сонымен қатар, Үкімет комиссиясын құруды тапсырды. Оған премьер-министрдің орынбасары Бердібек Машбекұлы Сапарбаев төрағалық етеді.

Реклама
Реклама

"Үкімет комиссиясы болған оқиғаның себебін анықтайды. Жамбыл облысы әкімімен бірлесіп, қаза болғандарды жерлеу, зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын ұйымдастырады. Сондай-ақ, жағдайды тұрақтандырумен айналысады", - деді Президент.

Бұған дейін Тоқаев оқиғаны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын мәлімдеген

"Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады", - деп жазды Президент.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама