ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қазан 2020 | 20:52
Қордай ауданындағы Қарасу ауылына көгілдір отын келді
Бүгін Қарасу округінде қуанышты күн. Ауыл тұрғындарының көптен көксеген көгілдір отынның алғашқы алауы тұтанбақ. Тілектері орындалған тұрғындарды құттықтап аудан әкімі Рүстем Дәулет арнайы ат басын бұрып, жылы лебізін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Қарасу округінде қуанышты күн. Ауыл тұрғындарының көптен көксеген көгілдір отынның алғашқы алауы тұтанбақ. Тілектері орындалған тұрғындарды құттықтап аудан әкімі Рүстем Дәулет арнайы ат басын бұрып, жылы лебізін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыс болса таяу. Ендігі Қарасу ауылының тұрғындары жылдағыдай отын жағып, көмір тасып, күл шығармайды. Көгілдір отын келіп қарық болып жатыр. Көптен күткен көгілдір от тоқтаусыз жану үшін мұнда бәрі сақадай сай, тек тұтатса болғаны.
Осы күнді ауыл жұрты асыға күтті. Енді кімге де болса от жағып, отын тасу оңай болмас. Ол күннің машақаты енді қарасулықтар үшін келмеске кетті. Осы күнгі қуанышпен бөліскелі келген аудан әкімі Рүстем Дәулет сөз алып, қарасулықтарды қуанышты күндерімен құттықтап, алғашқы көгілдір отынның алауын жақты.
Сонымен қатар, Қордай ауданының құрметті азаматы Тұрған Жасыбаевқа сөз кезегі берілді.
"Бүгін біздің ауыл үшін "ақ түйенің қарны жарылған" ақ жарылқап күн болды. Үйлерімізге газ кіргізіліп, көгілдір отынның игілігін көріп жатырмыз. Мемлекет басшысына және оның саясатын жүзеге асырып жатқан облыс пен аудан басшыларына, газ қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамыз", - деп ол жерлестерін құттықтады.
Аталмыш округке көгілдір отын әкелу жұмыстарын "Фирма СКМ Строй" ЖШС өз міндетіне алған екен. Дер уақытында жұмыстарын тыңғылықты тындырған аталмыш серіктестікке ауыл тұрғындарының айтар алғысы зор. Көптен күткен, әрі маңызды сәтке қол жеткізу үшін әр отбасы шамамен 300 мың теңгеге шығындалып, есесіне көгілдір отын жағып, көмір тасып қиналмайтын болды. Осыдан кейін, аудан әкімі Рүстем Рысбайұлы қарасулық Рашид Ханбезовтың үйіне барып, арнайы құттықтады.
"Әрине пеш жағу қиын. Балаларым газ кіргізіп беріп жатыр. Қазір міне көріп отырсыздар, үйімде көгілдір отын жанып тұр. Осында игілікті істер басшыларға алғысым шексіз. Көзбен көріп жүрміз жыл өткен сайын аудынымыз көркейін келе жатыр. Барлығы басшылықтың арқасы", - дейді үй иесі.
Қарасу ауылының көгілдір отынын жаққаннан кейін, аудан әкімі Рүстем Дәулет округке қарасы Өтеген ауылына жол тартты. Онда да тұрғындар алдына сөз сөйлеп, құттықтау лебізін жеткізді.
"Бүгінде аудандағы әлеуметтік мәселелер толыққа жуық шешілді деуге болады. Көптеген ауылда көше жолдары жаңартылып, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Алдағы жылдары да ел қажеттілігіне қарай әлеуметтік нысандар салына беретін болады. Бүгін міне, қос бірдей ауылға газ берілді. Көптен күткен қуанышты күндеріңізбен құттықтаймын. Үйлеріңізден жылу кетпесін", - деді аудан басшысы.
Сондай-ақ, Қарасу ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Владимир Лопатьев сөз алып, құттықтауын айтты.
Сонымен қатар, ауыл тұрғыны Құлан Иманбаевтың үйіне арнайы ат басын бұрып, көгілдір отынның жануына куәгер болды. Өтеген ауылының тұрғындары да көгілдір отынның келуіне қуанып, алғыстарын айтып, мәре-сәре болып жатыр. Өйткені өтегендіктер енді от жағу машақатынан бір жолата құтылды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также