ПОДЕЛИТЬСЯ
06 қараша 2019 | 08:41
Қордай маңында 11 адам қаза тапқан жол апаты: Автобус жүргізушісіне қатысты үкім шықты
Қордай аудандық соты жол апатына ұшыраған автобустың жүргізушісіне қатысты сот үкімін шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттағылардың мәліметінше, жүргізушіге ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша тағылған.
"Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін айтты. Сот оның осыған дейін сотты болмағанын ескере отырып, оны бес жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, ол жеті жыл көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сотталушыдан зардап шеккендерге өтемақы ретінде 15 АЕК өтелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - делінген хабарламада.
Еске салайық, биыл 20 сәуірде таңғы сағат 5-терде Жамбыл облысы Қордай ауданында Алматы - Ташкент автожолының 181-шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соғып кетіп, салдарынан 11 адам қаза тапқан еді.
Показать комментарии
Читайте также