16 ақпан 2021 | 15:10

"Қордай" өткізу пункті қашан ашылатыны белгілі болды

Фото: Жамбыл облысы әкімдігі

Қазақ-қырғыз шекарасында жаңартылған "Қордай" өткізу пункті қашан ашылатыны белгілі болды. Жыл бойы мұнда қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ-қырғыз шекарасында жаңартылған "Қордай" өткізу пункті қашан ашылатыны белгілі болды. Жыл бойы мұнда қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қордай" өткізу пункті жұмысқа дайын. Оны 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңында Қырғызстан тарапындағы "Ақжол" өткізу пунктінде қайта құру жұмыстары аяқталған кезде ашу жоспарланып отыр.

"Өткізу пунктіндегі паспорттық бақылауға 42 орын жабдықталған - 21 кіруге, 21 шығуға. Көліктерді тексеруге арнайы жабдықталған сегіз орын қарастырылған - төртеуі кіруге, төртеуі шығуға арналған", - деп хабарлады шекаралық бақылау департаменті өкілдері.

Реклама
Реклама

Олар жаңа уақыт стандарттары анықталғанын хабарлады. Онда:

  • бір адамға - үш минутқа дейін;
  • жеңіл көлікке - 15 минутқа дейін;
  • жүк көлігіне - 25 минутқа дейін;
  • жолаушылар автобусына - 35 минутқа дейін уақыт бөлінетіні жазылған.

"Қордай" өткізу пунктін қайта құру республикалық бюджет есебінен Жамбыл облысында жүргізілді. Қайта құруға 5,2 миллиард теңге жұмсалды.

"Қайта құрудың басты артықшылығы - "Рапискан" жеке тексеру кешенінің пайда болуы. Басқаша айтқанда, жоғары технологиялық сканерлер. Барлығы тоғыз. Біреуі көлемді көліктерді сканерлеуге, ал сегізі жеке тұлғаларға арналған. Олар шекарадан жаяу өтетіндерге өзара байланысқан А және В бекеттерінде орналасқан. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы санитарлық тораптар салынып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдік өкілдері.

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, жолдар әр бағытқа қарай сегіз жолаққа дейін кеңейтілді. Маусымда "Қордай" өткізу пункті арқылы 35 мың адамға дейін өтеді. Қызметкерлер жүйенің мұндай жұмысқа дайын екеніне сенімді.

Айта кетейік, бұдан бұрын "Қордай" пунктінде кептелістер мен ұзын-сонар кезек болатын.

2020 жылғы қаңтардадан бастап "Ақжол"-"Қордай" бақылау-өткізу пунктінің жұмысы қайта жаңғырту үшін тоқтады.

Бұған дейін техникада проблемалар болғаны хабарланған еді. Сондай-ақ, Қазақ-қырғыз шекарасында "Сартөбе", "Аухаты", "Қарасу", "Сыпатай-автожол" өткізу пункттері бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная