05 наурыз 2020 12:35

Қордайда қаза тапқан 11-адамның аты-жөні белгілі болды

© Әлихан Сариев

Қордай ауданы Масанчи ауылында үйінді арасынан табылған адамның аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордай ауданы Масанчи ауылында үйінді арасынан табылған адамның аты-жөні анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Генетикалық сараптама қорытындысы 11 ақпанда Масаншы ауылында үйінді арасынан табылған адамның аты-жөнін анықтады. Ол 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты", - деді Жамбыл облысының полиция департаментіндегілер.

Реклама
Реклама

Полицейлердің мәліметінше, әкесі баласының жоғалып кеткені туралы полицияға 9 ақпанда хабарлаған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Қордайда адамның күйген денесі табылды

Еске салайық,  7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram