ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қазан 2020 | 11:40
Қордайдағы қақтығыс: Бас прокуратура үкімге қатысты пікір білдірді
Бас прокуратура Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздікке қатысқан жеті адамның үкіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бас прокуратура Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздікке қатысқан жеті адамның үкіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"29 қыркүйекте БАҚ Алматы гарнизонының әскери соты Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан жеті адамға үкім шығарғанын хабарлады. Алматы гарнизоны әскери сотының үкімімен ұрлық жасағаны және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін әскери қызметші У. Атанбаев, сондай-ақ А. Тлеуғалиев, А. Нұраханов, Е. Буралкин, Р. Бежібай, М. Дүйсенбаев және Б. Ибрагимов 3 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
У.Атанбаевқа және оның сыбайластарына қатысты материалдар тергеу барысында істің әскери сотта да қаралып жатқанына байланысты бөлек өндіріспен қозғалды.
"Сонымен қатар, 21 шілдеде арнайы прокурорлар 51 адамға қатысты қозғалған тергеуді аяқтады. Оларға осы жылдың ақпанында Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарында болған оқиғалар барысында зорлық-зомбылық көрсетті, кісі өлтірді, мүлікті өртеді, жаппай тәртіпсіздікке арандатты және билік өкілдерінің талабына бағынбады деген айып тағылды. Қазіргі таңда айыпталушылар қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр. Кейін бұл істер сотқа жіберіледі.
Сондай-ақ, наурыз-тамыз аралығында полицейлерге қарсылық көрсеткен ағайынды Воингуй (18 наурызда 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды), әкесі мен ұлы Юнху Құдашбаевтарға қарсы қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіріп, бұзақылық жасағаны (24 сәуірде әрқайсысы 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды), Вейсер 54 дана Молотов коктейлін дайындағаны және тасымалдағаны үшін (12 тамызда 3 жылға бас бостандығынан айырылды) сотталды", - делінген хабарламада.
Іс 18 тамыздан бастап Алматы гарнизонының әскери сотында қаралды. Себебі сотталушылардың бірі әскери болған еді. Сотталушы орындығында 6 адам отырды. Олардың үшеуі бұрын сотталған.
Жеті сотталушының бесеуі жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталды. Олар: Ерлан Буралкин, Алмат Тілеуғалиев, Рүстем Бежібай, Ұлан Атанбаев және Абзал Нұраханов. Тағы екі сотталушы аса ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталды. Олар: Бақытбек Ибрагимов пен Мырзағали Дүйсенбаев.
Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар сотталды
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также