Қордайдағы қақтығыс: Полиция 11 кісі өліміне қатысты істі тергеп жатыр

© Әлихан Сариев

Қордай ауданындағы қақтығыстан соң полицейлер 120-дан аса қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қордай ауданындағы қақтығыстан соң полицейлер 120-дан аса қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта Қордайдағы жағдай бойынша біз 120-дан аса қылмыстық істі тергеп жатырмыз. Бас прокуратура тергеу жұмыстарын басқарып жатыр. Өкінішке қарай, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша тергеуге қатысты мәлімет айта алмаймыз, сондай-ақ, қанша адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қанша адамның қамауда екенін де айта алмаймыз", - деді Санжар Әділов.

ІІМ өкілі бірнеше адамның қамауда екенін айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша 11 қылмыстық іс жүріп жатыр", - деді Әділов.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болған еді. Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама