Kорейлер қазақ еліне алғыс айтты

XX ?асырды? 30-40 жылдары жаппай саяси ?у?ын-с?ргін зардабын тарт?ан ж?з мы??а жуы? корей хал?ы ?иыр Шы?ыстан ?аза?стан?а к?шірілді. Биыл оларды? жер аударыл?анына 80 жыл. Осы?ан орай Алматы облысы ?аратал ауданына сексен адам келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

XX ғасырдың 30-40 жылдары жаппай саяси қуғын-сүргін зардабын тартқан жүз мыңға жуық корей халқы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшірілді. Биыл олардың жер аударылғанына 80 жыл. Осыған орай Алматы облысы Қаратал ауданына сексен адам келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Шығыстан келген делегацияны Қаратал ауданының әкімі Қайрат Бисембаев қарсы алды. Әуелі Ескелді би кесенесіне алып барып, бабамыздың ерен ерліктерін айтып, Құран бағыштады. Келесі кезекте жол Ескелді ауданындағы Рақымжан Қошқарбаев атындағы мектепке түсті. Мұнда жиырма жыл бұрын ашылған корей кабинеті бар. Аталмыш мектептің оқушылары мың бұралған би билеп, корей халқының өнерін паш етіп, қонақтардың қошеметіне бөленді.

Құрметті қонақтар Бастөбе тауында орналасқан "Қазақ халқына мың алғыс" атты ескерткішке барды. Мұнда отандастар, зұлматты оқиғаны бастан кешкен көнекөз қарияларымен сағына көрісіп, бір марқайып қалды.

Реклама
Реклама

"Елде зұлматты оқиға орын алып, халық қуғын-сүргінге ұшырап, қиын-қыстау күн кешкенде қазақтар құшағын ашып, қол ұшын созды. Өздері таршылық көрсе де қаншама ұлтты бауырына басты. Қолда бар көмегін аямады. Қазақ жеріндегі корей халқының бейбітшілік заманда өмір сүріп келе жатқаны сіздердің арқаларыңыз", - дейді Оңтүстік Корея елінің азаматы Ри Джан Чуй. 

Шара соңында аудан әкімі Қайрат Әшірәліұлы мен оңтүстіккореялық өкіл Ри Джан Чуй қуғын-сүргін құрбандарының тауқыметті тағдыры ешқашан ұмытылмайды деген бастамамен жаңа орнатылайын деп жатқан ескерткіштің алғашқы кірпішін қалады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама