16 қыркүйек 2020 15:05

Корея елшілігі Республика күнін атап өтуге бөлінген қаржыны қайырымдылыққа жұмсады

Рахиля Тілеуова Корреспондент
Фото: Корея елшілігі

Бүгін Нұр-Сұлтандағы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қарттарға қызмет көрсететін орталық) Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі атынан қайырымдылық көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Нұр-Сұлтандағы "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қарттарға қызмет көрсететін орталық) Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігі атынан қайырымдылық көмек көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік Корея жыл сайын 3 қазанда Корея Республикасының құрылған күнін атап өтеді. Коронавирус пандемиясына байланысты жағдайды ескере отырып, Кореяның Қазақстандағы елшілігі мерекені атап өтуге бөлінген ресми қаржыны қайырымдылық акциясына жұмсауды жөн көрді.

Реклама
Реклама

Соның аясында Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок мүгедектер арбасы, қозғалыс құралдары, тұрмыстық бұйымдар, дене температурасын өлшейтін құрылғыны "Шарапат" орталығына табыс етті. Сыйлықтың көлемі 2 200 000 теңге болды.

"Біздің бүгінгі қайырымдылық акциямыз арқылы алынған бұйымдар қарт кісілерге күнделікті өмірде көмек көрсетеді деген үміттемін. Мұндай акция әлі жалғасады. Корея Республикасы - Қазақстанның стратегиялық серіктесі, сондықтан елдегі коронавирус пандемиясымен күреске белсене атсалысады", - деді дипломат Ку Хонг-сок.

Сондай-ақ орталықтың басшысы Рысты Баймағамбетова елшілікке алғысын айтты.

"Бұл көмек орталық үшін бағалы және өте қажет. Корея Республикасының елшілігіне қамқорлығы мен жәрдемі үшін алғыс айтамыз", - деді басшы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram