ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2024 | 14:23
Корея ғалымдары Қазақстанда литий кен орнын тапты
Корея ғалымдары Қазақстанда литий кен орнын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Korea Times басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Корея ғалымдары Қазақстанда литий кен орнын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Korea Times басылымына сілтеме жасап.
Кореяның геологиялық ғылымдар және минералдық ресурстар институты (KIGAM) былтыр Қазақстанда литий кен орнын ашқаны хабарланды. Геологтар мәліметінше, кен орны ауданы 1,6 шаршы шақырым болады және Қазақстанның шығысында орналасқан. Тантал әдетте литий және цезиймен бірге пайда болатынын ескере отырып, институт былтыр мамырдан бері Қазақстан үкіметінің тапсырысы бойынша бұл аумақты зерттеп жатыр.
Табылған ресурстар құны шамамен 15,7 миллиард долларға бағаланады.
"Канада агенттігінің талдауына сәйкес, бұл аймақта табылған литийдің мөлшері 5,3 пайызға жетті. Өз кезегінде, Батыс Аустралиядағы шахтадан алынған литийдің мөлшері 2,1 пайыз болады", - деп жазады The Korea Times.
Литий аккумуляторлардың негізгі құрамдас бөлігі болғандықтан, электромобиль өнеркәсібі және басқа да заманауи салалар үшін маңызды минералдардың бірі болып табылады.
KIGAM келесі жылы литий өндіруді бастау үшін учаскеде бұрғылау құқығына өтініш беруді жоспарлап отыр. Компания туралы мәліметтер жарияланбайды.
Мәліметтерді Экология және табиғи ресурстар министрлігінен нақтылау жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также