ПОДЕЛИТЬСЯ
21 маусым 2024 | 12:42
Корея қазақстандықтарды жұмысқа ала бастайды: Еңбек министрлігі не дейді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге қашан рұқсат берілетіні туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтарға Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуге қашан рұқсат берілетіні туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналистер министрден Оңтүстік Корея қазақстандықтар үшін еңбек көші-қон мәселесін жеңілдете ме деген сұрақ қойды.
"Меморандум жұмыспен қамту және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясатты қалыптастырудағы ынтымақтастықты жеңілдету бөлігінде жасалды. Тану орталықтарына келетін болсақ, олар Алматыда, Түркістан облысында, Шығыс Қазақстан облысында, ашылып жатыр, Павлодар дайын болып қалды. Қазақстан тарапы қазақстандықтарды оқытуға және Оңтүстік Кореяға жұмысқа тұру үшін кәсіби және құқықтық мүмкіндіктер беруге толық дайын", - деді Жақыпова журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Министрдің айтуынша, меморандум Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігінде қаралып жатыр.
"Біз Оңтүстік Корея президенті келгенде, Оңтүстік Корея тарапы келісіп, мемлекетішілік келісімді жүргізуге үлгеріп, қол қоямыз деп үміттендік, бірақ, өкінішке қарай, олар үлгермеді және біз осы меморандумға қол қою үдерісін жеделдету үшін Оңтүстік Корея тарапынан жауапкершілік болуы үшін ниет туралы меморандумға қол қойдық. Өкінішке қарай, уақыт бойынша айта алмаймын, бұл басқа мемлекет, менің білуімше, келісуі керек бір мемлекеттік орган қалған. Оңтүстік Корея тарапының мигранттар жұмысқа орналаса алатын мамандықтарға арнайы квота белгілейтіні меморандумға байланысты болады", - деп түсіндірді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также