ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2021 | 10:26
"Қорғандарды қиратып жатыр". Алматы әкімдігі айыптауларға жауап берді
Алматы әкімдігі Ә.Марғұлан атындағы Археология институты ғалымдарының құрылыс үшін ежелгі қонысты қиратты деген айыптауларына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімдігі Ә.Марғұлан атындағы Археология институты ғалымдарының құрылыс үшін ежелгі қонысты қиратты деген айыптауларына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының ғалымдары Наурызбай ауданында тарихи-мәдени мұра бар деп мәлімдеген болатын. Олар жылқылардың сүйектерін, керамика сынықтарын және басқа да экспонаттар тапқан. Кейін археологтар аумақта жүргізіліп жатқан құрылыс алаңында қорғандар жойылып жатқанын айтқан.
Tengrinews.kz тілішісінің ресми сұрауына жауап ретінде Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Наурызбай ауданында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің мемлекеттік тізіміне кіретін төрт қорған бар екенін айтты. Ал су құбыры және кәріз желілерін тарту бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстары қорғандардан алыс орналасқан.
"Археология институтының мамандары жариялаған мақалада тарихи-мәдени мұра бар деп айтылады. Алайда нысан тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне кірмейді", - деді департамент өкілдері.
Урбанистика басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл аумақта құрылыс жоспарланбаған.
"Учаске "Град Строй" ЖШС компаниясының жеке меншігінде. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы тұрғын үйлерді жобалауға рұқсат құжаттарын учаске иелеріне берген жоқ", - делінген сауалға жауапта.
Даулы учаскеде су құбыры және кәріз желілерін төсеу бойынша жұмыстар жүргізілгені белгілі. Алайда олар уақытша тоқтатылды.
"Энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму басқармасының тапсырысы бойынша "TOLAGAl-2050" ЖШС мердігерлік ұйымы Шұғыла ықшамауданында 2020 жылдың мамырынан бері су құбыры және кәріз желілерін тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аяқтау мерзімі - 2021 жылғы 25 желтоқсан.
Қазір Ә.Марғұлан атындағы Археология институтынан тарихи-мәдени сараптама алынғанға дейін жұмыстар тоқтатылды", - деп түсіндірді әкімдікте.
Айта кетейік, тарихи ескерткіштерді жойғаны үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
"Бұл қорғандар белгілі. Арнайы төлқұжаттары бар. 70 метрге дейін күзет аймағы қойылған. Қазір олардан 40 метр қашықта ешқандай жұмыс жүргізуге болмайды, тек мал бағуға болады. Нәтижесінде қорғанды іс жүзінде жойдық", - деді Арнабай Нұржанов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также