08 шілде 2019 | 13:44

Қорғаныс министрі Арысқа келді

Суреттер Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Өңірдегі жұмыс сапары барысында әскери ведомство басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Арыс маңын қарап, арсенал мен іргелес жатқан аумақты, сондай-ақ оқ-дәрілер қалдықтарын жою бойынша полигонды тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өңірдегі жұмыс сапары барысында әскери ведомство басшысы генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Арыс маңын қарап, арсенал мен іргелес жатқан аумақты, сондай-ақ оқ-дәрілер қалдықтарын жою бойынша полигонды тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан ақпарат бойынша, оқ-дәрілер қалдықтарын тазарту жөніндегі шараларды орындап жатқан инженерлік-саперлік, материалдық-техникалық бөлімшелер және әскери өрт сөндірушілер жеке құрамымен қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде нұсқама жүргізілген.

Реклама
Реклама

"Қорғаныс ведомствосының басшылығы бірқатар нақты тапсырмалар қойды. Бірінші кезекте адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Екінші кезекте оқ-дәрілердің бөліктерін іздестіру және шығару бойынша жұмыстарды атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігі. Сондай-ақ күрделі ауа райы жағдайында тәулік бойы жұмыс жасап жатқан ҚР ҚК бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесу өтті", - делінген хабарламада.

Жоғарғы Бас қолбасшы атап өткендей, төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі әскери қызметшілердің жұмысы жауынгерлік тапсырманы орындауға теңестіріледі. Төтенше жағдай себептерін айқындау бойынша ішкі қызметтік тергеп-тексеруді жүргізу үшін Нұрлан Ермекбаевпен бірге ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының комиссиясы келді.


Суреттер Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Естеріңізге сала кетсек, осы өңірде жарылмаған оқ-дәрілерді тиеу және шығару, сондай-ақ оқ-дәрілердің қалдықтарын жою жөніндегі жұмыстар басталғанын хабарлаған болатынбыз. Қала тұрғындары үшін аталған жұмыстар еш қауіп туғызбайды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная