05 маусым 2024 | 15:40

Қорғаныс министрі әскерге шақырылғандарды "аулауға" қатысты пікір білдірді

Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мерзімді әскери қызметке шақырылғандарға қарсы жүргізіліп жатқан рейдтерге қатысты ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мерзімді әскери қызметке шақырылғандарға қарсы жүргізіліп жатқан рейдтерге қатысты ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқырмандар редакцияның WhatsApp-нөміріне полицейлер әскер жасындағы адамдарды ұстап, қорғаныс істері жөніндегі басқармаларға (әскери комиссариат) күштеп апарып жатқанын хабарлады. Мұндай деректерді қазақстандықтар әлеуметтік желілерде де айтып жатыр.

Назар аударыңыз! Видеода былапыт сөздер айтылған.

Реклама
Реклама

Мәжіліс кулуарында Tengrinews.kz тілшісі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтан жағдайға қатысты пікір беруді сұрады.

"Бұл мақсаттар атқарушы билік органдарына жүкелетінінен бастайық - мерзімді әскери қызметке шақыру. Екіншіден: өз уақытында келмегендер (әскери комиссариаттарға - еск.), олар ішкі істер органдарының қызметкерлерімен іздестіріледі. Заң, Конституция бар. Ендеше орындайық", - деп жауап берді Жақсылықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная