20 қыркүйек 2024 | 10:56

Қорғаныс министрі генералдар мен әскери шенділерді сөкті

видео кадры

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов генералдар мен әскери шенділерді жеке құраммен жұмыстағы кемшіліктері үшін сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов генералдар мен әскери шенділерді жеке құраммен жұмыстағы кемшіліктері үшін сөкті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияға қорғаныс министрі бағыныштыларын сынға алып жатқан сәт түсірілген кеңестің видеосы түсті.

"Жоғары шенді алу босаңсуларыңызға мүмкіндік береді ме? Әлде, өзіңдікіне қолдарың жетіп қойды ма?",- деді қорғаныс министрі қарамағындағыларға.

Реклама
Реклама

Жақсылықов қоғам әскерден жастардың өмірін сақтауды талап ететінін баса айтты.

Кадрларға қарағанда, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сыздықовқа толық емес қызметтік сәйкестік жарияланған.

Сонымен қатар, Жақсылықов генерал-майор Нұртас Қабақовты әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босату туралы өтініш білдіретінін мәлімдеді.

ҚМ басшысы командирлер өз қарамағындағыларға қамқорлық жасауға, олардың қызметі мен кәсіби өсуіне жағдай жасауға міндетті екенін айтты.

"Кешіріңіздер, мен үнемі саусақ шошайтып, сіздердің тараптан бақылаудың жоқтығын көрсетіп отыруым керек пе?",- деді Жақсылықов жиналыста.

Айта кетейік, қыркүйекте Қазақстан әскерінде бірнеше оқиға болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная