21 қазан 2021 | 15:02

Қорғаныс министрі "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы аясында әскерді дамыту туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстанның Қорғаныс министрі "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы шеңберінде әскерді дамыту жөнінде айтты. Бұл туралы Қазақстан қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Қорғаныс министрі "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы шеңберінде әскерді дамыту жөнінде айтты. Бұл туралы Қазақстан қорғаныс министрі генерал-лейтенант Мұрат Бектанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстан көршілес елдермен берік достық қарым-қатынас орнатып, әлемнің жетекші державаларымен сенімді әріптестікті реттеген. Бұл ретте жауынгерлік қабілеті жоғары қуатты армия ел қауіпсіздігінің маңызды кепілді қорғаны екені анық.

"Қарулы Күштер заман талабына сай мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын, халқының ұлттық мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуға тиіс. Мұның бәрін ел басшылығы келешекте армияны дамытуды жоспарлау кезінде ұдайы ескеріп отырады", - деді Мұрат Бектанов.

Реклама
Реклама

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев он ұлттық жобаны бекітті. Осы тізбеге "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы да кірді. Аталған жоба бағытының бірі - "Қарулы Күштерді жаңғырту".

"Ұлттық жобаны іске асыру қару мен оқ-дәрілерді сақтау қауіпсіздігін, отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарында қару-жарақтың тәжірибелік үлгілерін шығаруды, сондай-ақ әскери нысандарды жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысында қазіргі заман болмысында әскери құрылыста және Қарулы Күштердің келбетін айқындауда жаңа тәсілдерді әзірлеу қажет екенін атап өтті. Асимметриялы және гибридті сын-қатерге тойтарыс беруге дайын болу, әскери процесті басқаруда жаңа технологияны енгізу және автоматтандыру  осының барлығы бүгінде ерекше маңызды болып отыр", - деді ол.

Әскери басқаруды орталықтандыру, автоматтандырылған басқару жүйелерін өрістету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау үшін қабылданатын іс-шаралар мүдделі ведомстволардың өкілдерімен талқыланды.

Қарулы Күштерде ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану ауқымын кеңейту, әскери ғылымды дамыту және ғылыми-эксперименттік базаны жетілдіру мәселелеріне жеке назар аударылады.

Бұл ретте сыни тұрғыда ойлауға және шешім қабылдауға қабілетті, қазіргі заманғы үлгідегі техникамен және қару-жарақпен жұмыс істей алатын кадрларды даярлау мәселесі де өзекті болып отыр, дейді Бектанов.

"Осы жұмысты күшейту мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің және алыс шетелдердің ғылым-білім беру мекемелерімен байланысты кеңейту маңызды. Біз әлемдегі әскери-саяси ахуалдың өзгеруіне куә болып отырмыз. Одан ары қорғаныс қабілетін нығайту жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатердің бар екенін айқын көрсетеді. Қарулы Күштер үздік қазіргі заманғы әскери стандарттарға сәйкес болуға тиіс. Осы мақсатта әскери қауіпсіздік саласында нормативтік құжаттар бекітілді. Қазақстан Президенті - Жоғарғы Бас қолбасшы 2021 жылғы тамызда Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың құрылысы мен даму тұжырымдамасын бекітті. Оны іске асыру мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға, әскери қауіпсіздікке төнетін қазіргі заманғы сын-қатерге барабар ден қоюға және бейбіт уақыттың міндеттерін тиімді орындауға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная