15 маусым 2020 | 16:29

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқшауланды

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқшауланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев оқшауланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, Мәскеуде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараларға қатысуға байланысты қорғаныс ведомствосының басшысы генерел-лейтенант Нұрлан Ермекбаев 2020 жылдың 11 маусымынан бастап өзін-өзі оқшаулау режиміне көшті.

Реклама
Реклама

"Мерекелік іс-шараларға Қазақстан Қорғаныс министрі өзінің ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгудың шақыруымен барады. Өзін-өзі оқшаулау бойынша шаралар шет елдерге бару тәртібін, дәрігерлердің ұсыныстарын, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйін ескере отырып қабылданды.

Қорғаныс министрі жұмыс орнында. Бұл ретте оның қарамағындағылармен тікелей байланысы жоқ. Қорғаныс министрлігі мен қарулы күштер қызметіне басшылық ету телефон және бейнеконференцбайланысы арқылы жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Өзін-өзі оқшаулау кезеңінде қорғаныс министрімен қажетті диагностикалық іс-шаралар жүргізіледі дейді ведомство өкілдері.

"Өзін-өзі оқшаулау режимінің аяқталу күні туралы шешім ағымдағы жағдайды ескере отырып, Мәскеуден оралғаннан кейін қабылданады", - дейді министрліктегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная