07 маусым 2023 | 10:44

Қорғаныс министрі өзіне тағылған айыптауға қатысты жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: gov.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұлттық ұлан қоймаларынан жанар-жағармай ұрлау дерегін жасырды деген айыптарға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұлттық ұлан қоймаларынан жанар-жағармай ұрлау дерегін жасырды деген айыптарға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, адвокат Самат Сырлыбаев қорғаныс ведомствосы басшысына қатысты мәлімдеме жасады. Ол тергеуде отставкадағы подполковник Нұржан Жақсыбаевтың мүддесін қорғайды. Ол Ұлттық ұланның бас қолбасшысы болған кезінде Жақсылықовқа бағынышты болған.

Реклама
Реклама

Ұлттық ұлан қатарында жанармай ұрлау 2017 жылы басталғаны атап өтілген. Одан кейінгі жылдарда тапшылық жаңа жеткізілімдер есебінен жабылса, 2022 жылы жанар-жағармай тапшылығын жасыру мүмкін болмаған.

"Бұл ұрлық туралы Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, қазіргі қорғаныс министрі Руслан Фатихович Жақсылықовқа тікелей белгілі болды. Неге? Себебі қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың, оның орынбасарының нақты айғақтары бар, олар бас қолбасшы бұл ұрлық туралы 2021 жылы білгенін анық айтады", - деді ол.

Адвокат Жақсылықов ақшамен есептегенде 500 миллион теңге болатын ұрлық туралы білгенін айтады. Оның 300 миллионға жуығы авиакеросин, деп хабарлайды телеарна. Алайда журналистерге берген сұхбатында қорғаныс министрі бұл негізсіз айып екенін айтты.

"Мен негізсіз айыптауларға қатысты пікір бермеймін. Ол - заңгер, бұл оның жұмысы. Ол осы арқылы ақша табады. Сондықтан ешқандай негізсіз талаптарға тіпті пікір бермеймін", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная