15 қараша 2023 12:52

Қорғаныс министрі ұлы неге әлі әскерге бармағанын айтты

Фото: gov.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов баласын әскерге жіберуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов баласын әскерге жіберуге уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір ұлымның жасы жиырмада, ол – студент. Оқуын тәмамдаған соң өзі таңдаған бағыт бойынша әскерге өзім жетектеп апарамын. Алайда арнайы құрылымдарға барғаны абзал", - деді Руслан Жақсылықов Мәжілістің жалпы отырысының соң.

Әскери қызмет түрі туралы сұраққа министр оны ұлының таңдауына қалдырғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Қайда қаласа, сонда барады. Бірақ ол арнайы бөлімшелерде немесе барлау бөлімшелерінде қызмет етуге бейім", - деді Жақсылықов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram