ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2023 | 09:52
Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандарды аңдып жүр ме? Желіде рейдтер туралы хабарланды
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар әскер жасындағыларға рейд жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жазбаларға сүйенсек, жастарды әскери комиссариаттарға күштеп апарып, кейін санаулы күндердің ішінде Отан алдындағы борышын өтеуге жөнелтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар әскер жасындағыларға рейд жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жазбаларға сүйенсек, жастарды әскери комиссариаттарға күштеп апарып, кейін санаулы күндердің ішінде Отан алдындағы борышын өтеуге жөнелтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сондай жағдайдың бірін Instagram-да Астана тұрғыны Елена Смолина жариялаған. Оның айтуынша, мамырдың ортасында оның көзінше бірнеше жігітті елордадағы ойын-сауық мекемесінен тікелей военкоматқа алып кеткен.
"Олар жай "жасын тексеруге" төлқұжатын алып, әскерге шақырылғаны туралы деректер базасын тексеріп, үстелінен тұрғызып алып, военкоматқа алып кетті", - деп жазды қыз.
Осыған ұқсас жағдайды блогер Әлішер Елікбаев Telegram-арнасында жазды.
"Екі күн бұрын досымның екі қызметкерін жұмысынан алып кеткен. Бүгін олар мұнадай суретті жұмыс берушіге жіберген, шашын алып тастаған, Қарағандыға борышын өтеуге жіберіп жатыр. Оның үстіне өз еркімен бара жатқаны туралы құжаттарға қол қоюға мәжбүрлеген", - деп жазды Елікбаев.
Ал кей азаматтарға әскери есепке қою мәселесі бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға келу талабы бар СМС-хабарламалар келеді.
Белгілі заңгер Жангелді Сүлейманов мұндай шақыртулар "заңсыз және шындыққа жанаспайды" деп санайды. Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жазды.
"Біріншіден, заң бойынша сотқа шақыру қағазы СМС арқылы емес, қол қою арқылы беріледі. Екіншіден, шақыру қағазында көрсетілген 30-бапта мерзімді әскери қызметке шақыру реттеледі. Үшіншіден, егер бұл шақыру болмаса, онда күн тәртібінде әскери тіркеу туралы дұрыс айтылмаған, бұл әртүрлі нәрсе. Мұндай шақыру қағазын алсаңыз, әкімшілік сотқа жүгінуіңізге болады", - деп жазды Сүлейманов.
Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне мән-жайды анықтауды сұрап сауал жолдады. Ведомство рейдтер мен жастардың әскери комиссариаттарға жеткізілгені туралы сипатталған ақпаратты жоққа шығарған жоқ, алайда материалды жазу кезінде олар жағдайға қатысты пікір бермеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также