Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың қозғалысына қатысты пікір білдірді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:gov.kz

Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың ел аумағындағы қозғалысына қатысты пікір білдірді. Ведомство әскери техникалар полигондарға оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін бет алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қорғаныс министрлігі әскери техникалардың ел аумағындағы қозғалысына қатысты пікір білдірді. Ведомство әскери техникалар полигондарға оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін бет алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарулы Күштер қысқы оқу-жаттығу кезеңі аяқталғаннан кейін әскерлерді тексеруді жалғастырып жатқанын айтты.

"Бөлімшелер сәуір айында әскери техникамен, теміржол көлігімен полигондарға ауысып, онда практикалық оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды. "Батыс" өңірлік қолбасшылығының әскерлері бақылау тексерісі шеңберінде Маңғыстау облысындағы полигондарға күштер мен құралдарды жіберуді жүзеге асырады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ал полигондарда тактикалық, түнгі уақытта ату бойынша оқу-жаттығулар өтетінін болады.

Бөлімшелердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі мен қабілеттілігі, әскери қызметкерлердің дайындығы, сондай-ақ командирлердің қоластындағы әскерилерді және бекітілген бөлімшелерді басқару қабілеті бағаланады. 

"Қарулы Күштердің барлық құрамалары мен бөлімдері, сондай-ақ әскери басқару органдары тексерілуге ​​жатады. Әскери техниканың қозғалысы, жеке құрамның қозғалысы әскерлердің жауынгерлік даярлығы үдерісімен байланысты. Жауынгерлік оқу іс-шаралары жоспарланғандай жүзеге асырылды", - деді Қорғаныс министрлігі.

Белгілі болғандай, Қарулы Күштердегі әскерлерді бақылау тексеруі 4 сәуірде басталды.

Әскерлер қысқы оқу-жаттығу кезеңінің соңында тексеріледі. Биыл президент әскердің жауынгерлік дайындығын түбегейлі арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, биыл іс шара жаңа форматта өтетінін жеткізді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама