Қорғаныс министрлігі Астанадағы Назарбаев ескерткішіне қатысты пікір білдірді

Фото:nuo.kz

Қорғаныс министрлігі Астанадағы Ұлттық қорғаныс университеті аумағынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші неге алып тасталғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік бұған дейін "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті" атауы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті" болып өзгертілгенін еске салды.

"Осыған байланысты Ұлттық қорғаныс университеті аумағында орналасқан тұңғыш президент ескерткішін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайының ғимаратына көшіру және орнату туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, ескерткіш қазір қорғаныс ведомствосы ғимаратының бірінде уақытша сақтау қоймасында тұр. Дайындық шараларынан кейін ол орнату үшін мұражай ғимаратына көшіріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама