01 сәуір 2022 | 20:28

Қорғаныс министрлігі Қостанай облысында жүрген ресейлік техника қайдан келгенін түсіндірді

Фото:stopfake.kz

Желіде Қазақстанның орталығында Ресей әскері орналасқандығы туралы ақпарат таратылып жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Желіде Қазақстанның орталығында Ресей әскері орналасқандығы туралы ақпарат таратылып жатыр. ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желіде Қостанайда ресейлік әскери техника жүргені туралы хабар тараған.

Қорғаныс министрлігі Желіде жарияланған бейнежазбада Байқоңырдың іздестіру-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің Ресейдегі тұрақты орналасу пункттеріне кеткені көрсетілгенін атап өтті.

Реклама
Реклама

"Бөлімше Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлер капсуласын іздеу мақсатында ағымдағы жылдың 14 наурызынан бастап Қазақстанда болды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Еске салайық, бұған дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз МС-21" ғарыш кемесі ұшырылды, сондай-ақ "Союз МС–19" кемесі қонған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная