Қорғаныс министрлігі ұлғайтылған бюджет қайда жұмсалатынын түсіндірді

Қорғаныс министрлігі ұлғайтылған бюджет қайда жұмсалатынын түсіндірді Фото:gov.kz

2026 жылы Қазақстанның қорғаныс саласына жұмсайтын шығындары ІЖӨ-нің шамамен бір пайызы болады. Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков бөлінген қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2026 жылы Қазақстанның қорғаныс саласына жұмсайтын шығындары ІЖӨ-нің шамамен бір пайызы болады. Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков бөлінген қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін күштік құрылым блогына 2026 жылы 3 трлн теңге бөлінетіні хабарланған болатын, бұл биылмен салыстырғанда 335 млрд теңгеге артық. Осылайша, қорғаныс шығындары ІЖӨ-нің шамамен бір пайызына тең болады.

Осыған байланысты журналистер Қорғаныс министрлігі бұл қаражатты нақты қайда бағыттауды жоспарлап отырғанын сұрап білді.

Жарнама
Жарнама

Министрдің орынбасары Асқар Мұстабеков қаржыландырудың қару-жарақты жаңғыртуға және техниканың жаңа түрлерін сатып алуға жұмсалатынын хабарлады.

"Қаражат қару-жарақты жаңғыртуға және қару-жарақтың жаңа түрлерін сатып алуға жұмсалады. Өздеріңіз білетіндей, қазір қару-жарақтың жаңа түрлері, атап айтқанда, ұшқышсыз ұшу аппараттары шығарылып жатыр. Сондай-ақ қаражат авиациялық техниканы жаңғыртуға және әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери техникасын сатып алуға бағытталады", - деді ол мәжіліс кулуарында.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама