28 қараша 2019 16:35

Қорғаныс министрлігі үздік журналистер мен блогерлерді марапаттайды

Нұр Сұлтан қаласында "Әскер Медиа-2019" әскери журналистика саласындағы жүлдесі табыс етіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр Сұлтан қаласында "Әскер Медиа-2019" әскери журналистика саласындағы жүлдесі табыс етіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Қорғаныс министрлігі биылғы жылы Қарулы Күштердің тыныс-тіршілігін жариялауда үздік болған отандық және шетелдік журналистер мен блогерлердің есімдерін атайды.

Реклама
Реклама

"Әскери журналистика саласындағы дәстүрлі "Әскер Медиа-2019" сыйлығы ертең 29 қарашада өтеді. 12 конкурстық номинацияда үздіктер анықталады. Атап айтқанда, теледидар, радио, баспа және интернет БАҚ - тарда, сонымен қатар республикалық және аймақтық деңгейлерде, шетелдік БАҚ-тардағы үздік материалдар, әскери тақырыпты баяндайтын үздік блогер, сондай-ақ фотожұмыстар мен арнайы жоба", - делінген хабарламада. 

Әскери журналистика саласындағы "Әскер Медиа" жүлдесі - бұл әскери тақырыпты жариялауда өз үлестерін қосып жүрген журналистер мен блогерлерді қолдау үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігі құрған бірегей алаң.
Оны құрудағы басты идея - бұл қорғаныс ведомствосымен белсенді және тиімді өзара іс-қимыл жасайтын бұқаралық ақпарат құралдарының шеңберін кеңейту, Қазақстандағы әскери журналистиканы дамыту, журналистер мен блогерлерді, сондай-ақ осы саладағы шығармашылық жұмыстарды көтермелеу, телевизиялық, баспа және интернет БАҚ-пен бірлескен медиа-жобаларды іске асыру, еліміздің Қарулы Күштеріне қоғамның назарын аудару.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram