02 ақпан 2021 | 13:01

Қорғаныс министрлігінің генералы Көпбаевтың жазасы жеңілдеді

Видеодан алынған кадр

Қорғаныс министрлігінің сотталған генерал-майоры Қайрат Көпбаевтың жазасы жеңілдеді. Енді ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Бастапқыда ол орташа қауіпсіздік ҚАЖ-да қамау жазасына кесілген. Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Көпбаевқа қатысты мұндай шешімді әскери соттың апелляциялық алқасы қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қорғаныс министрлігінің сотталған генерал-майоры Қайрат Көпбаевтың жазасы жеңілдеді. Енді ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Бастапқыда ол орташа қауіпсіздік ҚАЖ-да қамау жазасына кесілген. Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры Көпбаевқа қатысты мұндай шешімді әскери соттың апелляциялық алқасы қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Апелляциялық алқа отырысында прокурор генерал-майор Көпбаевтың негізгі жазасын өтеу режимін өзгертуді сұрағаны хабарланды. Ал қорғаушысы сотталушыны кінәсі дәлелденбегендіктен оны ақтауды сұрады.

Реклама
Реклама

"Сот алқасының қаулысы бойынша бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгертілді.

Бас бостандығынан айыру жазасын өтеуге арналған режим орташа қауіпсіз қылмыстық атқару жүйесі мекемесінен қауіпсіздігі төмен мекемеге өзгертілді. Қалған бөлігінде үкім өзгеріссіз қалды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігі генералы Көпбаев 2020 жылдың желтоқсан айында бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот Көпбаевты "генерал-майор" әскери шенінен және "Құрмет" орденінен айыру туралы президенттің атына ұсыныс енгізді.

2019 жылдың мамырында генерал "Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты" РММ офицерлік лауазымына тағайындалуы үшін 200 000 теңге көлемінде пара алған.

Көпбаев 2020 жылдың қаңтарында ұсталған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная