25 мамыр 2023 | 11:29

Қорғас кеден бекетінен заңсыз қаржы мен темекі алып өтпек болғандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

"Қорғас ХШЫО" кеден бекетінде заңсыз қаржы мен темекі алып өтпек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қорғас ХШЫО" кеден бекетінде заңсыз қаржы мен темекі алып өтпек болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тек үш күнде "Қорғас ХШЫО" кеден бекетінде шетел валютасын тасымалдаудың 4 дерегі және темекіні тасымалдаудың 6 дерегі тоқтатылған.

"17 мамырда ҚХР азаматынан 20 000 АҚШ доллары сомасында декларацияланбаған қаражат анықталды.

Сол сияқты, 18 Мамырда 10 000 АҚШ долларына және 270 000 теңгеге декларацияланбаған қаражат сомасымен Қазақстан Республикасының азаматы тоқтатылды, ҚР басқа азаматынан жүк дөңгелегінің багаж бөлігінде 6 млн теңге жасырылған пакет табылды.

Келесі күні "Қорғас ХШЫО" кеден бекетінің жолаушылар терминалының залында республика аумағынан кету кезінде Қазақстан азаматы 11 065 000 теңгемен тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынғанын еске салады.

Одан бөлек, дәл осы кеден бекетінде кедендік бақылауды жүргізу кезінде шекаралық бақылау және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, ҚР-ға кірген кезде темекі тасымалдауға тырысудың 6 фактісі анықталды.

"18 мамырда Қазақстан аумағына әкелу кезінде екі жағдайда ҚР азаматтарынан 52 және 12 блок мөлшерінде "Милано" маркалы темекі өнімдері табылды және тәркіленді. 19 мамырда автокөлік тұрағында "ORIS" иесіз темекінің 60 блогы табылды.

20 мамырда Қазақстан аумағына әкелу кезінде үш жағдайда "Милано" маркалы темекінің 35 блогы, "ORIS" темекісінің 100 блогы, түрлі маркалы темекінің 691 блогы табылып, тәркіленді", - деп толықтырды ведомство.

ЕЭК-тің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 107 "Жеке пайдалануға арналған тауарлармен байланысты жекелеген мәселелер туралы" шешіміне сәйкес бір жеке тұлға үшін 200 дана темекіні немесе 1 блокты құрайтын темекі тасымалдау нормалары белгіленген.

Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная