28 желтоқсан 2019 | 18:06

Қорғаста 13 миллион теңге тұратын контрабандалық темекі тасымалдағандар ұсталды

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық орталығы кеден бекетінде декларациядан өтпеген ірі көлемдегі темекі өнімдерін және дәрі-дәрмекті тасымалдаушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық орталығы кеден бекетінде декларациядан өтпеген ірі көлемдегі темекі өнімдерін және дәрі-дәрмекті тасымалдаушыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Реклама
Реклама

"27 желтоқсанда кеден бақылауын жүзеге асыру барысында "Қорғас-ШЫХО" кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірге ҚХР-дан ҚР-ға кіру кезінде 5 990 блок (59 900 қорап) көлемінде түрлі маркалы темекі өнімдерін, жалпы салмағы 1 285 келі темекі және салмағы 48 келі сегіз орындық қытай дәрілерін ұстады. Аталған темекі өнімдерін жеке тұлғалар "Қорғас-ШЫХО" кеден бекетінің кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылаудан жасырып, ҚР аумағына кіргізбекші болған", - делінген хабарламада.

Темекі өнімдеріне салынатын кеден төлемдері мен салықтары 13 596 883 теңге болған. 

"Қазіргі уақытта істің барлық жағдайы анықталып жатыр, одан кейін қатысы бар барлық адам заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", - деп қорытындылады баспасөз қызметінің өкілдері. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная